Шымкенттік хирург медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін алтын медальмен марапатталды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте белгілі хирург Мәди Бегалиев марапатталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Медицинаны дамытуға қосқан үлесі үшін Мәди Бегалиевке Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығының алтын медалін ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейтжамал Пакеев тапсырды. 

«Бұл награданы дәрігерлердің жаңа жетістіктерге ұмтылуы үшін ынталандыру ретінде береді. Дәрігер ретінде еңбегімді жоғары бағалауы мен үшін өте маңызды», - деді Мәди Бегалиев.

Хирургия ұлттық ғылыми орталығының алтын медалімен дәрігерлерді 2013 жылдың наурызынан бері марапаттап келеді. Әзірге елімізде бұл марапаттың екі иегері ғана бар. Солардың бірі - шымкенттік хирург Бегалиев. Мәди Бегалиевтің ота жасап келе жатқанына 33 жыл болды. Соңғы 6 жылда ол шымкенттік жедел жәрдем ауруханасын басқарып отыр. Ол 8 мыңға жуық күрделі ота жасады. Ол өңірде бірінші болып бүйректі  трансплантациялау  операциясын жасаған. Бауырды  трансплантациялау жауапкершілігін де мойнына алған. Бастапқыда шетелдік әріптестерінің басшылығымен жасаса, биыл 8 отаны біздің мамандар жасады.  

Соңғы жаңалықтар