Шымкентте жол апатына ұшыраған көліктің екеуі де жанып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте жол-көлік оқиғасынан кейін екі көлік отқа оранды.

Апат Шымкентте Арғынбеков көшесі мен Бәйдібек би даңғылының қиылысында орын алды. Ауди көлігі мен Газель соқтығысты. Соққыдан дөңгелек жарылған, артынша лап еткен жалын екіншісін шарпыды. Машина жана бастады. Жүргізушілер өртті сөндірмекке әрекеттенді. Сол кезде үшінші дөңгелек жарылды.

Жүргізушілер жеңіл жарақаттанды, көліктерде жолаушылар болмаған. Жалынды өрт сөндірушілер ауыздықтады.

Полицейлер апат себебін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар