Шымкентте жаңа медициналық мекеме ашылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте «ПрофМедСервис 777» медициналық емханасы ашылды, деп хабарлайды otyrar.kz">otyrar.kz .

Ол жерде кез келген азамат толық тексеруден өтумен қатар амбулаториялық ем де қабылдай алады. Сонымен қатар ота жасауға мүмкіншілік қарастырылған. Лентасы қиылып, «ПрофМедСервис 777» емханасы жұмысын бастап кетті.

Бүгіннен бастап дәрігерлер де өз міндеттеріне көшті. Емханада медициналық тексерудің түр түрінен өтуге болады. Уролог, кардиолог және ЛОР дәрігерлерінің көмегіне жүгіне аласыз. Бастысы, мұнда амбулаторлық ем қабылдауға да мүмкіндіктер қарастырылған. Тіпті, вип палаталарға дейін бар. Емхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейіне күмән жоқ. Олардың басым бөлігі шетелде жоғары білім алып, тәжірибесін де арттырып қайтқан.

Ал, ота жасауға арналған бөлме оңтүстіккореялық техникамен жабдықталған. Заманауи құрылғылармен тексеруден өтіп, тиісті емін алған әр науқастың дертінен айығып кететініне ақ халаттылар сенім білдіреді. 

Соңғы жаңалықтар