Шымкентте ауладан шала туған шақалақтың денесі табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте Республика даңғылы бойындағы үйдің ауласындағы кәріз құдығынан шала туған шақалақтың денесі табылды. Денені бітеліп қалған құбырды тазалау үшін шақыртылған сантехник тауып алған, деп хабарлайды TVK.

Оқиға орнына Абай бөлімінің полицейлері шақыртылып, тергеушілер жұмыс жүргізуде. Шақалақтың қыз бала екені және шамамен 5-6 ай шамасында болғаны анықталды.

Дене үйдің бір кіреберісінен ғана келетін құбырдан табылған. Сондықтан күдіктілердің саны сонша көп болмақ емес. Полицейлер жедел түрде шараларды қолға алды.

Соңғы жаңалықтар