Шымкент тұрғыны Астанаға велосипедпен келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің офицері Сәбит Мұстафаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Шымкенттен Астанаға велосипедпен жетті. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіненен хабарлады.

Сәбит Мұстафаев 1430 км асатын арақашықтықты 9 күнде жүріп өтті. Шырайлы Шымкенттен ол 10 қазанда сағат 15:30-да шығып, қарлы Астанаға 19 қазанда түнге қарай келді. Жолдың соңғы күндері жаңбыр, қар мен бұрқасынға ұшыраса да, ол межелі сызығы Астанаға жоспарлаған уақытында жетті.

Бұл спорттық сынға ол ұзақ уақыт бойы дайындалды. Тіпті өзінің жыл сайынғы еңбектік демалысын осы кезеңге жоспарлаған.

Велосипед спортымен Сәбит мектеп кезінен шұғылданады. Жақында өзінің ескі «Урал» маркалы велосипедімен 180 шықырымды құрайтын «Шымкент-Түркістан» марафонын жеңіп алды. 

Сәбит Мұстафаевтың әріптестері мен басшылығы Қазақстанның 25 жылдығына осындай сыйлық жасағысы келетінін біліп, оған керек-жарақтар мен заманауи велосипед сатып алуға көмектескен.

«Осындай тәуелсіз және бейбіт елде тұрып жатқаныма, өзімнің сүйікті ісіммен және спортпен еркін айналыса алатыныма бақыттымын. Осының бәрі Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салауатты саясатының арқасы деп ойлаймын», - деді С.Мұстафаев.

null 

Соңғы жаңалықтар