Шығыс Қазақстанда қолайсыз ауа райынан автобус жыраға түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түнде құтқарушылар қатты жел мен көктайғақтан жыраға түсіп кеткен автобусты шығарды, деп жазады yk.kz.

14 қарашаға қараған түні сағат 00:05-те Жарма ауданы, «Өскемен-Алматы» автожолының 247 шақырымында 18 жолаушысы және 2 жүргізушісі бар автобус жыраға түсіп кетті. Зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар бағыттас көліктермен кеткен. Оқиға орнына  4 адам және 1 техникадан тұратын құтқарушылар  бригадасы аттанды.

Сондай-ақ, сағат 04.50-де Аягөз ауданы, «Өскемен-Алматы» автожолының 247 шақырымында 38 жолаушысы және 2 жүргізушісі бар автобус жыраға құлап кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ. ТЖ бөлімінің қызметкерлері (3 адам және 1 техника) адамдарды қауіпсіз аймаққа көшірумен айналысуда.  

Соңғы жаңалықтар