Швейцариялық Астанадағы Еуропа лигасының матчына пойызбен келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық DerBund.ch порталының журналисі Штефан Видмер Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі «Астана» - «Янг Бойз» матчына пойызбен келеді, деп хабарлады Sports.kz.

- Мен ұшақпен сапарлағанды аса ұнатпаймын. Бірнеше сағат бойы тапжылмастан отыру, оның үстіне әуежайдағы бітпейтін тексерістер бар.

Ұшудың өзі қызық емес. Одан фотоаппарат алып, пойызбен жолға шыққан әлдеқайда артық - терезеден түрлі картинаны көруге болады, түрлі адамдармен танысуға болады. Мен дәл осылай Ресейді аралап шыққанмын. Қайтар кезде де Ресей мен Беларусь арқылы өтіп, «Динамо» мен «Сибирь» матчтарын көремін. Мұндай сапар - менің арманым. Жеребе тарату кезінде мен осыны түсіндім. Мен 36 жылдан бері «Янг бойзға» жанкүйерлік етіп келемін, - деді Видмер.

«Астана» - «Янг Бойз» матчы 29 қыркүйек күні Астанада, жергілікті уақытпен 21:00-де өтеді. 

Соңғы жаңалықтар