Швецияның Мальме қаласында ер адам тұрғындарға оқ жаудырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швецияның Мальме қаласының оңтүстігінде белгісіз ер адам көліктің терезесінен кетіп бара жатқан азаматтарға оқ жаудырып, 4 адам дене жарақатын алды, деп хабарлайды Aftonbladet.

Басылым тілшілері сілтеме жасап беріп отырған куәгерлердің сөздерінше, белгісіз азамат стадион маңында Audi көлігі жүріп бара жатқанда оқ атқан. 25 қыркүйек күні стадионда футбол матчы өтіп жатқан. Зардап шеккендердің бірі бас сүйегінен жарақат алған.

Полиция қазір жанкештілерді ұстау операциясын бастап кетті, деп хабарлайды РБК. Құқық қорғаушылардың мәліметтерінше, оқ атқан адамдар екі мопедке мініп, іздерін жасырып үлгерулері мүмкін. Жергілікті Malmo 24 телеарнасының хабарлауынша, куәгерлер шабуылдаушылардың 4 адам болғандығын айтып отыр. Олардың бірі қолында автоматты қару ұстаған. Барлығы 20 рет оқ атылған.

Полиция өкілі Aftonbladet басылымына тәртіп сақшыларының әлі күдіктілердің біреуін де ұстамағандығын жеткізген.

Malmo 24 телеарнасы атыс болғаннан кейін осы ауданда қуатты жарылыстың даусы естілгендігін хабарлады. Алайда, полиция өкілдері жарылыстың болғандығын растамай отыр.

Осыған дейін иммигранттар қаласы Мальмедегі сауда орталығында атыс болған. Ол кезде 1 адам ғана зардап шеккен болатын.

Соңғы жаңалықтар