ШҚО-да ТКШ бөлімінің есепшісі өзіне заңсыз сыйақы аударып отырған

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ШҚО Жарма ауданы ТКШ бөлімінің бас бухгалтері мүлкі тәркілене отырып, бес жылға сотталды. Әйел ҚР ҚК екі бабы («бөтен мүлікті пайдалану», «алаяқтық») бойынша айыпталды. Заң бұзғанын жергілікті прокуратура анықтады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бір жыл бұрын Жарма ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ТКШ бөліміне бас бухгалтер болып жұмысқа тұрған әйел қосымша ақша табудың схемасын құрған. Ол жойылмаған ескі мөрді пайдаланып, өзіне 275 мың теңге сыйақы аударған.

Бұдан басқа, бухгалтер сол мөрді пайдаланып, ТКШ бөліміне өзінің анасын жұмысқа орналастырған. Ол жұмысқа мүлдем келмеген.  Бас бухгалтер оған жалақы төлеген. Өзіне 552 мың теңге аударған.

Соңғы жаңалықтар