ШҚО-да Мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бұйрығымен Бақтияр Қамалов Шығыс Қазақстан облысы департаментінің басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бақтияр Қамалұлы 1957 жылы 10 қыркүйекте туған. Филолог, экономист және заңгер мамандықтары бойынша үш жоғары білімі бар. 1980 жылдан бастап мектепте мұғалім болып жұмыс істеді.  Кейін мектеп басшысы және бірқатар түрлі мемлекеттік органда істеген.

2013 жылдан бастап ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы - Тәртіптік кеңес төрағасы болып еңбек етті.

2014 жылғы қарашада ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары - Алматы қаласы Тәртіптік кеңес төрағасы болып тағайындалды.

2016 жылғы қаңтардан бастап қазанға дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы  болып қызмет істеді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар