Сенбі еліміздің бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29 қазанда Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жауын-шашын болады, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Павлодар, таңертең Қарағанды, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады.  

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. 

Қостанай облысының  кей жерлерінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар