Сенбі - 1 қазанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 қазан күні Қазақстанның басым аймағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Жекелеген жерлерде тұман болады. Бұл туралы «Қазгидрометтен» хабарлады.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Павлодар, түнде Алматы, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген аймағында желдің екпіні 15-20 м/с артып, түнде таулы аудандарда тұман болжанады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Қарағанды облысының кейбір аймағында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында, Жамбыл облыстарының  басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар