Сайтандар туралы өлең жазған қарағандылық прокурор қызметтік этиканы бұзбаған

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасы Қарағанды облысы Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжанов өзінің сайтандар туралы өлеңімен айыпты әрекет жасамағанын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қызметтік тексеріс нәтижесі Берік Ахметжановтың мінез-құлқы мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларына сай келетінін көрсетті. Ол Интернетке өз ролигін орналастыра отырып, заңға қайшы әрекет жасаған жоқ. Филологиялық сараптама  қорытындысы бойынша, автордың өлеңінде тіл тигізу, бүлік шығаруға қатысты ештеңе жоқ», - деді «ҚазАқпаратқа» Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету басқармасы Бас прокурорының аға көмекшісі Болатқан Нұрышкенов.

Ол прокурордың шығармашылығы оның жеке өмірі екенін атап өтті.

«Ол прокурор киімінде емес, азаматтық киімде түскен (ред. - видеоға). Сондықтан оның лауазымы жайлы достары, әріптестері және туыстары ғана біледі», - деп қосты Нұрышкенов.

Қызметтік тексеру нәтижесінде айып тағатын белгілер табылған жоқ, Ахметжанов еңбек етуін жалғастыруда.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Қарағанды облысы Осакаров ауданының прокуроры Берік Ахметжановтың өзінің сайтандар туралы өлеңін мәнерлеп оқып жатқан бейнежазбасы пайда болған еді. Өлеңді ол бір жыл бұрын жазған. Қазір оны әлеуметтік желіде достарының өтініші бойынша жариялаған.

Кейін, Қарағанды облысының прокуратурасы әріптестерінің сайтандар туралы өлеңіне қатысты қызметтік тексеріс жүргізетінін айтты.

«Берік Мұратұлы Ахметжанов прокуратура органдарында еңбек еткен жылдар ішінде түрлі тақырыптарға өлеңдер шығарумен айналысып келеді. Оның шығармашылығы - жеке өмірі. Оның соңғы туындысы мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық стандарттарына қаншалықты сәйкес келетіндігін анықтайтын боламыз», - деген болатын облыс прокуратурасында «ҚазАқпараттың» жолдаған сауалына.

Соңғы жаңалықтар