Сауд Арабиясының энергетика министрі мұнай нарығын тұрақтандырғысы келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл пікірін ол жексенбі күні Ресейдің энергетика министрі Александр Новакпен болған кездесуі барысында мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат lenta.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның сөзінше, келіссөздер қазіргі таңда ОПЕК пен өзге де мұнай өндіруші елдер арасындағы өзара келісімді үйлестірудегі маңызды шара болып отыр.

«Бүгінгі кездесу Сауд Арабиясының мұнай нарығын реттеуге деген ұмтылысын анық байқатты»,-деді ол.

Аль-Фалих Мәскеу мен Эр-Риядтың мұнай нарығы үшін серпіліс тудыратын ұстаным білдіретіндігіне сенім артады.

Аль-Фалих 10 қазанда мұнай баррелінің 2016 жылдың соңында 60 долларға жететіні туралы болжамын айтқан болатын.

Сауд Арабиясы энергиятасымалдаушыны өндіру ісін тұрақтандыру ісінде ресейліктерге үлкен үміт артып отырған көрінеді.

ОПЕК елдері мұнайды артық өндіруді тоқтатуды 28 қыркүйекке жоспарлаған болатын. Картель қатысушылары өндіріс көлемін күніне 32,5 млн баррельден асырмаймыз деген шектеу қойды. Соңғы шешім қарашада өтетін басқосуда қабылданады.

Соңғы жаңалықтар