Саркози мұсылмандар франциялық қоғамға сіңісуі қажет деп есептейді

None
None
БРЮССЕЛЬ. Қазақпарат - Францияның бұрынғы президенті және мемлекет басшысы лауазымына үміткер Николя Саркози дүйсенбі күні «Европа-1» радио стансасы эфирінде мұсылмандардан франциялық қоғамға сіңісуі қажеттігін айтты.

Николя Саркози Монтень Институты жүргізген зерттеуге қатысты мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, Францияда тұратын мұсылмандардың 29% елдің заңын мойындамай, шариғат нормаларына сәйкес жүруді жөн санайды.

«Республикалық интеграция жұмыс істемеген, қазір де істеп жатқан жоқ. Ассимиляцияға (бір халықтың екінші халыққа сіңісіп кетушілігі - ред.) көшу керек. Шариғатты ғана басшылыққа алатын қоғамның 29% асырай алмаймыз, бұл жауапсыздық», - деді Саркози.

Президенттікке үміткер франциялық қоғамда мұсылмандардың қоғамға сіңісу үдерісін кең талқылануын қолдап, исламофобия айыбынан қорықпауға шақырды.

«Бұл (мұсылмандар мен лаңкестер арасындағы - ред.) дұрыс емес. Алайда, барлығы біріге алады. Менің түсінігімде «Ислам» сөзін айтсаң бітті бәрі исламофобия деп шығады. Осы дұрыс па?», - деді Николя Саркози.

Соңғы жаңалықтар