Саркози билікке қайта келсе Францияны ЕО-дан шығаруды жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози билікке қайта келген жағдайда елдің Еуропалық одақтан шығуына қатысты референдум өткізуі мүмкіндігін жоққа шығармады, деп хабарлады «РИА Новости» BFMTV телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Францияның ЕО-дағы мүшелігіне қатысты референдум мәселесін "Ұлттық майдан" партиясының көшбасшысы Марин Ле Пен ғана көтерген болатын.

2007-2012 жылдары Францияны басқарған Саркози тамыз айының соңында 2017 жылғы президенттік сайлауға өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді.

Еске салайық, 2016 жылдың 23 маусымында Британияның ЕО-дан шығуына қатысты референдум аяқталған болатын. Үкімет Одақтан 2019 жылдың басында шығуды жоспарлап отыр. Бірақ Еуропаның жоғары шенділері Британия алда кездесуі мүмкін бюрократияға байланысты Frexit-ті соңына дейін жеткізе алатынына күмән білдірді.

ВВС-дің ақпаратына сүйенсек, ЕО тарихында үш мемлекет қана оның құрамынан шыққан - Гренландия, Алжир, кариб аралы Сен-Бартельми.

Соңғы жаңалықтар