Сағынтаев ЭКСПО-2017 нысандарын дер кезінде пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің қатысуымен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Отырысқа қатысушылар Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне әзірлік бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдардың жұмыс штабтарының жұмыс барысын қарастырды. Көрмені насихаттау, волонтерлік қызмет, туристік пакеттер әзірлеу, Астанадағы нысандардың көрмеге келушілерді қабылдау дайындығы, астаналық әуежай терминалының құрылысы, қонақ үйлер қорының әзірлігі және логистика мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және өткізу жұмыстарына бақылау жүргізуді және көрменің нысандарын пайдалануға беруді дер кезінде жүзеге асыруда қамтамасыз етуді тапсырды.
«ЭКСПО-2017» көрмесі 2017 жылдың маусым және қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысын бақылауға алуды және көрме нысандарының мерзімінде пайдалануға берілуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Соңғы жаңалықтар