Сағынтаев Беларусь еліне жұмыс сапарымен барады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қазан айында ТМД мемлекеттері Үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Беларусь Республикасына жұмыс сапары болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшісі Ерғали Бөлегенов мәлім етті.

Елшінің айтуынша, сапар барысында Қазақстан мен Беларусь елдерінің екіжақты кездесулері өткізіледі деп күтілуде.

«Оның ішінде ғарыш саласындағы әріптестікті дамыту мәселелеріне қатысты уағдаластық. Келісім дайындық үстінде. Бұл - үкіметаралық келісім. Бейбіт мақсатта ғарыштық қызметті бірлесіп дамыту туралы болады. Сонымен қатар болашақ жылдарға арналған экономикалық серіктестік бағытындағы бірқатар құжаттарға қол қойылады. Ол үлкен бір бағдарлама болады. Оның үстіне екіжақты қарым-қатынастардың машина жасау саласындағы үлкен серпінді жобасы бар. Ол жоба да қазір дайындық үстінде», - деді Е. Бөлегенов.

Соңғы жаңалықтар