Сәбина Алтынбекова жаттығу жасап жатқан видеосын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ең атақты волейболшысы Сәбина Алтынбекова Инстагрмадағы парақшасында жаттығуы барысынан бейнеролик жариялады.

Видеода Сабинаның   допты қалай  бергені көрсетілген. 20 минут ішінде роликті 6 000-нан астам адам тамашалаған.

Атап айтсақ, видео бірнеше секундтық қана. Алайда парақшаға жазылушылар сүйікті споршыларынан жаттығудың ұзағырақ видеосын салуды өтінді.

Еске салсақ, Сабина Алтынбекова Тайбэде өткен қыздар арасындағы волейбол бойынша 17-ші Азия жастар  чемпионатында танымал болды. Оны чемпионаттың ең сұлу волейболшысы деп атады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, қазақстандық волейболшы Жапония чемпионатының екінші дивизионында шығатын жапондық GSS Sunbeam клубында жаттығуда. 

A video posted by Altynbekova Sabina (@altynbekova_20) on Sep 27, 2016 at 9:26pm PDT

Соңғы жаңалықтар