Рыпакова Бейжің Олимпиадасының «қола» жүлдесін алуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жеңіл атлетші Ольга Рыпакова өз қанжығасын тағы бір медальмен толықтыруы мүмкін, деп хабарлады Inside The Games. Басылымның мәлімдеуінше, оның қарсыласы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері допингпен ұсталған.

Бейжіңде өткен Олимпиада-2008 ойындарында үш қарғып секіруден қола медальға ие болған грек қызы Хризопия Деветци қайта тапсырған допинг-сынамасының нәтижесі бойынша өз жүлдесінен айырылады, деп жазды Sports.kz.

Оқиға туралы Халықаралық жеңіл атлетика федерацияларының қауымдастығы (IAAF) хабарлады. Демек, Бейжіңде төртінші орын алған Лондон Олимпиадасының чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Ольга Рыпакова үшінші олимпиадалық жүлдесін алуы мүмкін.

Допингке қарсы жаңартылған IAAF ережелер тізімі бойынша, соңғы сегіз жылда халықаралық аренаға шықпаған 40 жастағы Деветцидің 2007 жылы әлем чемпионатында тапсырған сынама нәтижесінен тыйым салынған  стероид стеназолол табылған.

Хризопия Деветци 2009 жылы допинг-бақылаудан өтуден бас тартқан еді. Сол себепті, оған жарыстарға қатысуға екі жылға тыйым салынды және өзі де спорттық мансабын тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар