Римде жер сілкінісі салдарынан 150 ғимарат зақымдалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия Азаматтық қорғанысы қызметінің мамандары мен өрт сөндірушілер жексенбі күні Италияның орталық бөлігінде 6,5 балл қуатымен болған күшті жер сілкінісінен кейін Римдегі мыңнан астам ғимаратты тексеріп шығып, 150-інен түрлі зақымданулар анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ресей жаңалықтар агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсенбі күні Corriere della Serа газетінің хабарлауынша, 1980 жылдан бері Аппенины тауларында болған ең қуатты зілзаладан кейін белгілі рим мұражайларында - Боргезе мен Палаццо Барберини галереяларында, сондай-ақ ел астанасының ең көрікті он нысанында, соның ішінде Сант-Иво алла Сапиенца (Chiesa di Sant'Ivo alla Sapienza) шіркеуінде аздаған жарықшалар пайда болған.  Франческо Борроминидің әйгілі күмбезі де зардап шекті.

Онымен қоса, 6,5 балл қуатымен болған жер асты дүмпулерінен кейін мамандар рим көпірлерінің бірінен жарықшаларды байқады, ал көпқабатты үйлердің бірінен барлық тұрғындарды эвакуациялауға тура келген.

Онымен бір мезгілде, Колизей, Термы Каракаллы сынды маңызды тарихи ескерткіштер табиғи апаттан зардап шекпеген, дейді басылым.

Осы ретте, қала мэрі Вирджиния Раджи: «Римде ауыр зақымдар тіркелген жоқ», - деп атап өтті.

Еске салайық, Италияда қуатты жер сілкінісі жексенбі күні таңертең болды, зардап шеккен адамдар бар. 

 

Соңғы жаңалықтар