Психологтар: Үй жинау күйзелістен арылтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үйді жинау күйзеліспен күресуге көмектеседі . Бұл туралы бірнеше тәжірибе жүргізген ғалымдар айтты.

Зерттеу кезінде мамандар еріктілерді екі топқа бөлді. Біріншісіне күн сайын өз үйлерін жинау ұсынысы жасалды. Екінші топ үйді жинау шаруасын үй жинаушыларға тапсырып, өз істерімен айналуы тиіс еді.  

Нәтижесінде бірінші топтағылардың күйзелістен толық арылғаны белгілі болды. Сонымен қатар, олар күйзеліс жағдайларды бұрынғыдан жеңіл қабылдайтыны байқалды. Екінші топ өкілдері мазасызданды, ал кейбіреулері  ашуланшақ болды, деп хабарлады Svopi.

Мамандар өз үйін жинау адамдарға жаңа нәрсені сатып алу сияқты жағымды әсер беретіндігін айтуда. 

Соңғы жаңалықтар