Прокуратура темір жолда билетсіз жолаушылардан бизнес жасағандарды әшкереледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміржол саласында билетті алып сатумен айналысқан алаяқтардың қатарында кассирлер мен жолсеріктер болған.

Бұл туралы бүгін ҚР Бас көлік прокуратурасының экономикалық-әлеуметтік сала бойынша заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Алмас Аманов мәлім етті.

«Бүгінде құзырлы орган мен ҚТЖ билетсіз жолаушылармен күресті жүргізе алмай отыр. Нәтижесінде - вагондарға билетсіз жолаушылар көптеп еніп кетеді. Егер бұрын жолсеріктер билетсіз жолаушыларды жасырып келген болса, қазір вагон дәліздеріне орналастыра береді. Барша Қазақстанға белгілі болған Алматы-Атырау вагонында орын алған оқиғаны еске алсақ та жеткілікті», - деп атап өтті прокурор.

Оның айтуынша, оған себеп - вагондардың тапшылығы мен билеттерді алып-сату әрекеттері.

«Жақында ғана бір алыпсатар ұсталды, ол 2013 жылдан бері елордалық вокзалда қитұрқы істерін оңай жүзеге асырып келген. Оны жолаушыларды алмастыру кезінде ұстадық. Тергеу барысында өз сxемасын жайып салды. Оның сөзі бойынша, спекуляцияларға кассирлер мен жолсеріктер де қатысқан. Қазіргі уақытта іс тергеуге алынды, алыпсатар тергеу изоляторына тоғытылды», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар