Премьер-Министр инвестициялық жобаларды сапалы іріктеуді тапсырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның индустриялық дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

"Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктер жұмысын өнеркәсіптік саланың жкспорттық әлеуетіне маңыз беріп келеді. Осы орайда, Инвестициялар және даму министрлігіне әкімдермен бірге шикізаттық емес өнімді шығаруға бағытталған инвестициялық жобаларды сапалы іріктеуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Президент келесі бесжылдықта шикізаттық емес өнім басты маңызға ие болу керектігін айтты. Біздің ҚХР-мен "Жібек жолының Экономикалық белдеуі" бойынша уағдаластықтардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажет", - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар Премьер-Министр ҚР көліктік инфрақұрылымдардың уақтылы жүзеге асырылуын да тапсырды.

 "Мемлекет Басшысы "Нұрлы жол" бойынша бөлінген бюджеттік қаражаттардың тиімді әрі уақтылы игерілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ біздің барлық инфрақұрылымдық жобаларымыз бойынша жұмысты жалғастыру қажет. Инвестициялар және даму министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне әкімдермен бірге еліміздің инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыруды жылдамдату бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын. Аймақ әкімдері бөлінген қаражаттың дер кезінде әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етсін", - деді ол. 

Соңғы жаңалықтар