POST.KZ порталының 100 мыңыншы пайдаланушысы - мектеп оқушысы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазпошта» АҚ пошта және қаржы қызметтерін ұсынатын POST.KZ ұлттық порталында 100 мыңыншы пайдаланушы тіркелгенін хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауылының 15 жасар тұрғыны Сидоров Петр Викторович 14 қазанда жіберілген сәлемдемені трек нөмірі бойынша қадағалау үшін POST.KZ порталына тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазпоштаның» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алдымен 100 мыңыншы болып тіркелгеніме сенбей, сайттағы менеджерге жаздым, ол бұл деректі дәлелдеді, - деп бөлісті өз әсерімен Петр Сидоров. - Мен  AliExpress-тен сатып алған тапсырысымды олардың сайтына кіріп қадағалайын деп едім, AliExpress мені POST.KZ-қа жіберді. Порталда тіркеліп 2 минуттың ішінде сәлемдеменің қай жерде келе жатқанын бақылап алдым».

«Күн сайын порталда сәлемдемені бақылау бойынша 2 мыңнан астам сұраныс тіркеледі. Бүгінгі таңда клиенттерден 170 миллионнан астам трек нөмір бойынша сәлемдемені бақылау сұраныстары қабылданды», - дейді «Қазпоштадан».

«Мерейтойлық» пайдаланушыны «Қазпошта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Ерік Нұрақаевқұттықтап, сыйлығын тапсырды.

Солтүстік Қазақстан облысы POST.KZ порталының қызметтерін пайдаланатын озық аймақтардың қатарында. 

Өткен жылдың желтоқсан айындап іске қосылған POST.KZ ұлттық порталы 30-дан астам пошталық және қаржы қызметтерін онлайн режимінде ұсынады. Алғаш 10 мыңыншы пайдаланушы 2016 жылдың қаңтар айында тіркелді. Қыркүйек пен қазан айлары арасындағы дерек бойынша, порталда 900 адам тіркелді.      

 

 

Соңғы жаңалықтар