Поляк режиссері Анджей Вайда дүниеден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 90 жасқа келген поляк режиссері Анджей Вайда жексенбі күні кешке дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы кездері режиссер ауырып жүрді. Бірнеше күн бұрын ауруханаға түсті. Емделіп шығатынына үміттеніп едік», - деді TVN-24 телеарнасының эфирінде сценарист, режиссер Яцек Бромский .

«Қыркүйек айының аяғында Гдыня қаласындағы кинофестивальде 1920-1930 жылғы поляк авангардының пионері, суретші Владислав Стржеминскийдің соңғы жылдары туралы баяндалған Вайданың "Послеобраз" (Powidoki) жаңа фильмі таныстырылған болатын.  Соңғы жұмысы үшін арнайы жүлдені автор қазылар алқасының қолынан өзі алған болатын. Кейін белгілі болғандай, Поляк киноөнер институты аталмыш лентаны «Оскар» сыйлығының  «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясына ұсынған.  

Польшада көңіл айту сөздері кешкілік мерзімге қарамастан, жексенбі күні жолдана бастады.  Алғашқылардың бірі болып, ел президенті Анджей Дуда көңіл айтты. «Аңызға айналған поляк режиссері, «Оскар» иегері Анджей Вайда қайтыс болды. Біз оны мәңгілік есте сақтаймыз», - деп жазды ол өзінің Twitter парақшасына.

Анджей Вайда 1926 жылы 6 наурызда Сувалкиде дүниеге келді. Оған кең танымалдылық Варшавалық көтеріліске қатысушылар дыңтағдыры туралы түсірілген «Канал» (1956) фильмінен кейін келді. Режиссер картина үшін бірнеше жүлдеге, соның ішінде Канн кинофестивалінің арнайы жүлдесіне (1957) ие болды.

 

Соңғы жаңалықтар