Павлодарлықтар Астанаға 760 тонна өнім әкеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында ауыл шаруашылығының 100-ден астам кәсіпорны Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне қатысады. Ол 24-25 қыркүйекте «Хан Шатыр» сауда-көңіл көтеру орталығының саябақ алаңында өтеді.

Астанаға жіберілген жәрмеңке керуенімен өңірде өндірілген  90   тоннадан астам ет, ет өнімдері, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс, 150 тоннадан  астам ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізіледі.

«Павлодар облысының тауар өндірушілері  астаналықтар үшін барлығы 760 тонна өнім әзірледі, - деді ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және қайта өңдеу бөлімінің басшысы Татьяна Нагула. - елордалықтарға өнім ұнайды деген сенімдеміз».

Сондай-ақ «Қазақ тағамдары» ұлттық мәзір өнімдері, Павлодарлық Ертістің халық шығармашылығы мен қол өнері бұйымдары әкелінеді.

Павлодар облыстық филормония ұжымы концерттік бағдарлама ұйымдастырады. Түрлі спорт түрі бойынша жарыстар өтіп, қатысушыларды көтермелеуге жүлде қоры қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар