Павлодарлық тауар өндірушілер Астанаға 758 тоннадан астам өнім жеткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 24-25 қыркүйек күндері өтетін ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар облысының 79 тауар өндірушісі мен кәсіпорны 758,3 тонна өнім жеткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жәрмеңке "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өтеді. Өңір фермерлері 90 тонна ет және ет өнімін, 300 тонна картоп, 140 тонна көкөніс пен 150 тонна басқа да өнім ұсынады. Бұдан басқа, "Қазақ тағамдары" асханасының ұлттық өнімдері мен Ертіс өңірі қолөнершілерінің бұйымдары саудаланады. Сондай-ақ, ұлттық спорт түрінен  жарыстар мен концерттік бағдарлама өтеді.

 Айта кетерлігі, павлодарлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтардың тарапынан зор сұранысқа ие. 

Соңғы жаңалықтар