Павлодарлық оқушы паратаэквондодан Еуропа чемпионы атанды

None
None
Павлодар қаласының № 11 орта мектебінің 9-шы сынып оқушысы Карен Овсепян паратаэквондодан Польшада өткен V Еуропа чемпионатында алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды sports.kz">sports.kz .

Карен - қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ойын және мүгедек жандар спорты бойынша тәрбиеленушісі.

Паратаэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Нұрбаевтың айтуынша, Карен Овсепян үшін бұл жоғары деңгейдегі алғашы жарыс.

«Мен өзімнің жеңетінімді сездім. Ал, менің қарсыласым Андрей Титов әлем чемпионы ұпай саны бойынша мені қуып жетіп қалған болатын. Қалай болған күнде де мен өз күшіме сенімді едім. Өйткені үйде маған ата-аналарым үміт артып отырды. Достарым мен туыстарым да жеңісімді күтті. Мен үшін әлемнің 32 елінен келген жарысқа қатысушыларды көру де өте қызықты еді»,-дейді алтын медаль иегері Карен.

Айта кетейік, талантты жас фортепиано класы бойынша музыка мектебін бітірген. Сонымен қатар қазақ және ағылшын тілдерін де меңгеріп жүр. Чемпион автомобильдерді ерекше жақсы көреді. Әсіресе, жапониялық көліктерге қатты қызығады. Ал, спортта ол әлі де үлкен жарыстарға қатысып, бүгінгіден де үлкен биіктерді бағындырғысы келеді.

Қазақстан атынан осы жолғы чемпионатта 5 спортшы өнер көрсетті.

 

Соңғы жаңалықтар