Павлодарлық қоғамдық көлік жүргізушілері бір күнде 378 рет жол ережесін бұзған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар полициялары бір күнде автобус жүргізушілерінің 378 рет жол ережесін бұзғанын анықтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бір қызығы жол ережесіне қатысты дөрекіліктердің бәрі қоғамдық көлік тізгіншілеріне тіркелген. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазан айының 13-15 аралығында Павлодар облысының қоғамдық көлік және такси жүргізушілері арасында жедел-профилактикалық шарасы жүргізілген.

Сонымен қатар қоғамдық көліктерге техникалық, жүргізушілерге медициналық тексеру жүргізілген. Жедел-профилактикалық шараның алғашқы күнінде жол-потрульдік полициялары 378 мәрте жол ережесін бұзғанын анықтаған. Оның 126-сында көлік жүргізу кезінде ұялы телефон колданса, 12-сінде жол ережесін сақтамаған. Сондай-ақ 90 жүргізуші айналып өту кезінде ереже бұзған.  

Соңғы жаңалықтар