Павлодарлық 270 отбасы жаңа пәтерге кірді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар Усольск шағын ауданында екі жаңа үй пайдалануға беріліп, бүгін 270 отбасы қоныс тойын тойлауда, деп хабарлады облыстық әкімдікке сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бізде екі тұрғын үй салынуда»,  - деп атап өтті өңір басшысы Болат Бақауов үйлерді тапсыру салтанатты жиынында.

null  

«Бұл 270 пәтер «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ желісі бойынша кезекте тұрғандарға арналған пәтер.  Мұнда инфрақұрылым өте қолайлы. Дәл жанында «Назарбаев зияткерлік мектебі», емхана бар», - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылы өңірде «2022 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жеті көп қабатты үй тапсырылды. Пайдалануға енгізу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда, 1,6 есеге артты, жыл аяғына жейін тағы төрт үй тапсырылады.

null  

«Нұрлы жол»  және «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары аясында салынған тұрғын үйлер толық емес отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеушілерге, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйым қызметкерлеріне арналған. Шаршы метріне жалға беру төлемі 840 теңгеден аспайды.

Үйлерде 108 бір бөлмелі, екі бөлмелі және 54 үш бөлмелі пәтерлер бар. Құрылыс маңында заманауи балалар алаңы орнатылды. Екі ғимараттың 80 пайызы отандық өндіріс материалдарынан салынуда.

null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар