Павлодардың Гагарин атындағы саябағында шырша мен қарағайлар отырғызылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпықалалық сенбілікте Павлодар қаласында 60 мемлекеттік қызметкер мен қоғам қайраткерлері облыс әкімі Болат Бақауовтың бастамасымен Гагарин атындағы саябақта шырша мен қарағай отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz. сайтына сілтеме жасап.

Өңір басшысы шыршаны Павлодар қаласының Құрметті азаматы Евгений Азаровпен бірлесе отырғызды.

«Осы жерде демалып, ағаштарымыздың қалай өсіп келе жатқанын бақылайтын боламыз, - деді Болат Бақауов.

Павлодар облысы мемлекеттік қызмет істері департаментінің жетекшісі Мақсұт Өтешевтың айтуынша, осылайша, шенеуніктер жастарға үлгісі болғылары келді.

«Өз ісімізбен адамдарға мемлкеттік қызметте жұмыс істеу үлкен абырой екенін айтқымыз келді. Біздің облыста мемлекеттік қызметте бес мыңнан аса адам еңбек етеді. Егер барлығы бір ағаштан отырғызса үлкен орман болады», - деді Мақсат Өтешев

null 

Соңғы жаңалықтар