Павлодарда өртке оранған «Эдем» сауда үйінен 87 адам эвакуцияланды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда түскі сағат 12 шамасында Ломов көшесінде орналасқан үшқабатты «Эдем» сауда үйі өртенді.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде техникалық қабатта электр сымдарының оқшаулағышы мен кабельдер жанып жатты. Жалын 150 шаршы метрді шарпыды, деп хабарлады ТЖД-ның баспасөз қызметінен.

Ғимараттан 87 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өртті ауыздықтауға  Павлодар облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің 38 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығы мен жедел медициналық жәрдем бригадасы, полиция қызметкерлері  жұмыс жүргізуде.  Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Хабарламада сондай-ақ, жалынның 10 қабатты көрші ғимаратқа ауысуына жол берілмегені айтылған. Техникалық қабаттан 50 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды.

Соңғы жаңалықтар