Павлодарда нұротандықтар ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуын бақылауға алды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда облыстық мәслихат депутаттары мен «Нұр Отан» фракциясы мүшелерінің жұмысы талданды, деп хабарлады партияның баспасөз хатшысы Айбек Жұматов.

Отырыста облыстық мәслихат депутаттарына ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуын бақылауға алу ұсынылды.

Партияның сайлауалды бағдарламасының «Білім беру» бағытына жетекшілік ететін депутат Қабылқақ Қапеновтің қызметі оң баға алды.

 «Ол басқаратын комиссия білім беру саласында мемлекеттік, өңірлік бағдарламаларды іске асыру мониторингін жүзеге асырады. Комиссия «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасының бірініші бағыты аясында жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстың білім беру ұйымдарына 2016 жылға арналып бөлінген мақсатты трансферттерді игеру бойынша уәкілетті органдардың есебін тыңдады. Сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарын  кезең-кезеңмен ағылшын тілінде оқытуға көшіру мәселелері қаралды», - деп атап өтті партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Анатолий Гуськов.

Отырыста «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтау мәселелері талқыланды. Осы жылдың 8 айында бұл орайда бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар