Павлодарда академик Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық орталық ашылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында археологиялық орталық ашылды, деп хабарлады ПМПИ баспасөз қызметінен.

Ол белгілі ғалым-археолог, тарихшы,  археология мен этнологияның қазақ  даласында негізін салушы Әлкей Марғұланның есімімен аталды.

Орталықтың негізгі миссиясы - Қазақстанның тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттау. Мұнда облыстың археологиялық, өлкетану мен туризм зерттеулері жүргізілетін болады.

«Орталық алдағы уақытта аймақтың тың дүниелерін зерттеуге негіз болады деген үміттемін», - деді құттықтауында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев. Ол ПМПИ-дің тарихты меңгеру мен өңірдің мәдени құндылығын сақтауда қосқан  үлесі мол екендігіне тоқталды.

Бір жылға жуық уақыт Ақкөл-Жайылма аумағында этнографиялық-археологиялық кешендерге зерттеулер жүргізілуде. 2004 жылы Ақкөл көлінің жағасынан екі шақырым қашықтықта Қаражар пунктінде қазақ молаларының ішінен екі ғасырлық кесенелердің қалдықтары табылған. 

Археологтардың мәлімдеуінше, Ақкөл-Жайылма Ұлы Дала елінің көне саяси орталығы болған. Бұл жерде Алтын Орда жүздері саяси мәселе шешкен. Кешенде қазба жұмыстарын жүргізу әлі де жалғасуда.

null  

Соңғы жаңалықтар