Павлодарда 52 отбасыға пәтер кілті табысталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының «Шөкин көшесі, 155/4» мекенжайы бойынша жаңадан салынған үйге «Алюминстрой» шағын ауданынан 52 отбасы көшіп келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Үйдің құрылысын жүргізген «Тұрабай» ЖШС үй құрылыс комбинаты «ТемірТас-Павлодар» ЖЗБИ» ЖШС-нің темірбетонды құрылымдарын пайдаланған.

Жалпы құрылыстың құны 502,5 миллион теңгені құрады. Жаңа үйдің аумағы 3,5 мың шаршы метр. Оның құрамында 34 бір бөлмелі, 16 үш бөлмелі және екі төрт бөлмелі пәтер бар.

«Бүгін сіздердің тағы бір арманыңыз орындалды. Бұл барлығымыздың көптен күткен сәттердің бірі. Ескі екі қабатты тұрғын үйлердің орнына бүгін жаңа пәтерлердің иесі болып отырсыздар. Бұл «Сарыарқа» шағын ауданындағы екінші үй. Жылдың соңына дейін тағы да үш үй тапсырылатын болады», - деді аймақ басшысы Болат Бақауов. 

Соңғы жаңалықтар