Павлодар облысындағы өрт 25 жастағы тұрғынның өмірін қиды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Ақтоғай ауылында бүгін таңертең «Ақтоғай-Агро» ЖШС-ның салынып жатқан ангары өртенді, деп хабарлады Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт сөндірушілер 8 сағат 47 минутта оқиға орнына жеткенде ангардағы жалын тілі аумағы 6 мың шаршы метрден асатын көкөніс қоймасына көшкен. Өрт бір сағатта өшірілді.  Оқиға орнынан «Ақтоғай-Агро» ЖШС-ның  1991 жылы туған қызметкерінің мәйіті табылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға Павлодар облыстық ТЖД жеке құрамының 16 қызметкері және 2 өрт сөндіру техникасы, 20 жергілікті тұрғын мен олардың 2 техникасы, агрофирманың 50 қызметкері мен 1 техникасы тартылды.  

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар