Павлодар облысында шағын автобус аударылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Железинка ауданында күре жолда 57 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Мерседес-Даймлер» шағын автобусы аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 14 қазанда орын алды. Апат кезінде автобус салонында 5 адам болған.  Екі бойжеткен жеңіл жарақаттар алды.  

Баспасөз қызметінде көліктің басқару тетігіне ие бола алмаған жүргізуші Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 610-бабы бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар