Павлодар облысында «Сәлем саған, Сарыарқа!» фестиваль өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының барлық аудандары мен қалаларында «Сәлем саған, Сарыарқа» фестивалі өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, 30 қыркүйек - 5 қазан аралығында Павлодар облысында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Сәлем саған, Сарыарқа!» атты фестивалі өтеді.

Аталмыш фестиваль шеңберінде өңіріміздің қала, аудандарында Қазақстан Республикасының халық әртістері Роза Рымбаева, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртістері Айжан Нұрмағамбетова, Бағдат Сәмидинова, белгілі эстрада жұлдыздары Әлішер Кәрімов, «Меломен» тобының және тағы басқа белгілі әншілердің гастрольдік концерттері ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар