Павлодар облысында Өзбекстан елінің 79 азаматы құтқарылды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қызылорда-Павлодар» тас жолында сынған автобустан 79 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Өткен түнде, 23 қазанда, «Қызылорда-Павлодар» республикалық маңызы бар жолдың 1341 шақырымында түнде Өзбекстан азаматтары мінген рейстік автобус сынып қалды. 79 жолаушы РФ Омбыдан Шымкентке бара жатқан», - делінген хабарламада.

Оқиға орнына медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері және адамдарды эвакуациялау үшін мектептің «Газель» көлігі келді.

Жолаушылар Достық ауылындағы мектепке орналастырылды.

Автобусты жөндеуге төрт адам қалды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар