Павлодар облысында ер адам тірідей өртеніп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысының Шарбақты ауданында 24-қазан күні сағат 10-да өрттен көз жұмған 48 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД-нің мәліметінше, өрт Шарбақты ауылында «Урицкий көшесі, 39» мекенжайы бойынша орналасқан екі бөлмелі үйде орын алып, 10 шаршы метр аумақты шарпыған.

- Тілсіз жау сағат 11.18-де ауыздықталып, сағат 13.59-да толық  өшірілді. Қызыл жалынды  сөндіруге төтенше жағдайлар бөлімінен екі техника мен жеке құрамнан алты адам жұмылдырылды. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - дейді баспасөз қызметінің қызметкері Абылайхан Құсанов.

Соңғы жаңалықтар