Павлодар облысында 52,8 мың тонна бақша дақылдары жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында 52,8 мың тонна бақша дақылдары жиналды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Биыл бақша дақылдары 2181 гектар жерге егілді. Егістік алқаптарының ірі көлемі Лебяжі ауданына тиесілі. Мұнда шаруалар 2058 гектарға бақша дақылдарын салған.

Олардың арасында «Қайрат» ШҚ -1500 гектар, «Рассвет» ШҚ ЖШС - 200 гектар және «Қайрат Жағыпаров» ШҚ -120 гектарды құрады.

Павлодар облысы ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде бір гектардан 242 центнер өнім шықты. Жалпы 52,8 мың тонна бақша дақылдары жиналған. Оның басым бөлігі - 50 мың тонна,  Лебяжі ауданы шаруаларының еңбегі.

Соңғы жаңалықтар