Павлодар облысы жетім балаларды асырап алудан үздік үштікке енді

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды азаматтардың отбасына тапсыру бойынша республикада үздік үштікке енді.

Бірінші орынды Жамбыл облысы иеленсе, екінші орында Маңғыстау облысы және үшінші орында Павлодар облысы тұр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуеновтың айтуынша, бұл көрсеткіш - балаларды патронаттық және қамқоршылыққа беру бойынша атқарылған жұмыстың жемісі. - 2015 жылдан бастап 36 асырап алушыға ата-ана қамқорлығынан айырылған баланы асырап алу бойынша 5 млн 434 теңге көлемінде берілген. Сондай-ақ, жеткіншектерді қамқорлыққа алған азаматтарға балаларды асырауға 10 айлық есептік көлемінде (АЕК)  ай сайынғы төлем қарастырылған. Бұдан басқа, 2006-2015 аталған санаттағы 339 бала баспанамен қамтамасыз етілді. Ал, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде 27 бала баспаналы болды, - дейді Ернұр Дәуенов. 

Соңғы жаңалықтар