Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмаған жүкті қыздардың ең көбі Екібастұзда тіркелген

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысы бойынша кәмелетке толмаған жүкті қыздардың ең көбі Екібастұзда тіркелген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабында облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

Жалпы Павлодар облысында 47 бойжеткен есепке алынған. Олардың екеуі 15 жаста ғана. Облыста бұл көрсеткіш бойынша Екібастұз көш бастап тұр. Осында жүкті  19 бойжеткен тіркелген. Бұл Павлодар қаласына қарағанда төрт санға артық. Десе де, жыл сайын олардың саны азайып келеді.

Егер, 2013 жылы 184 қыз бала ана атанса, 2015 жылы олардың саны 97-ні құрады. Ал осы жылдың басынан бері 74 бойжеткен босанды. Қыздардың бір де бірі баласынан бас тартпаған.

Айта кетерлігі, биыл денсаулығына байланысты үш қыздың жүктілігі тоқтатылды. Бұдан басқа, бесеуінде өздігінен түсік тастау болды. Дәрігерлер жағдайды жоспарланбаған жүктілікке дайын болмай, күйзеліске ұшырағаннан  және жанұядағы қолдаудың болмауымен байланыстырады.

Соңғы жаңалықтар