Параканоистер Тайкенов пен Балтабаева Азия чемпионатында жүлдегер атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық спортшылар Жалғас Тайкенов пен Жаңыл Балтабаева параканоэ бойынша Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

19 жастағы Жалғас Тайкенов 200 метрге жүзуде КL3 категориясында күміс жүлде алды. Алматылық Жаңыл Балтабаева қола медальға ие болды.

Еске сала кетсек, Жалғас бала кезден өте белсенді болған. Бірақ, жол-көлік апатынан бес жасында сол аяғынан айырылған. «Қайсар» клубы мен Астана спорт басқармасы 2013 жылы өткен стрит воркаут фестивалінде атбасарлық жігітке назар аударды. Ал 2014 жылдың тамыз айында Жалғас әлем чемпионатына қатысты. Қазіргі уақытта Жалғас Тайкенов ескек есу спорты анағұрлым дамыған Оңтүстік Қазақстан облысының атынан жарысқа қатысып жүр.

Жаңыл Балтаба Тараз қаласында дүниеге келген, 26 жаста. Жаңыл сол аяқсыз туған және екі қолында бірнеше саусақ жоқ. Спортшы бала кезінде дене кемістігінен құрдастарының мазағына қалғанын еске алады. Бірақ, Жаңыл 13 жасқа толғанда өз өмірін түбегейлі өзгертті. Жүзу үйірмесіне жазылып, жеңіл атлетикамен айналысты. Ал 2013 жылдың қазан айында шаңғы тебе бастады. 2014 жылы Сочидегі қысқы паралимпиада ойындарына қатысты. Жарты жыл бұрын ескек есумен айналыса бастады.

Соңғы жаңалықтар