Пәкістанда суретімен әлемге танымал әйел тұтқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістан полициясы 12 жасында National Geographic журналының мұқабасына суреті шығып, танымал болған 44 жастағы Шәрбат Гуланы ұстады. Әйелді ел аумағында жалған құжатпен заңсыз тұрған деп айыптауда. Бұл туралы The Guardian басылымы хабарлайды.

2015 жылы Гуланың жеке куәлігі жария етілді. Алайда әйел босқын әрі Пәкістан азаматтығын алмағандықтан жеке куәліктің заңды екендігі күмәнді болып шықты. Содан бері бір жарым жыл ішінде тергеу жүргізіліп Шәрбат Гула қамалды.

Елдің ресми орган өкілдерінің мәліметі бойынша Гуланың кінәсі дәлелденсе, ол 14 жылға бас бостандығынан айырылып, бес мың доллар айып салынуы мүмкін.

National Geographic журналының мұқабасына шыққан Шәрбаттың  суретін фотограф Стив МакКарри 1984 жылы түсірген. Фотография Ауғанстанға кеңес әскері басып кірген соғыс кезін, сонымен бірге Пәкістанға босқан 2,5 миллион ауғандықтың тағдырын бейнелейді.

 

Соңғы жаңалықтар