Өзге ұлт өкілдері қазақтың тілін, дәстүрі мен тарихын білуден жарысты

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада Қазақстан халқы тілдері күніне орай этномәдени бірлестіктер арасында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты облыстық байқау өтті.

Бұл туралы облыстық ассамблея хатшылығынан хабарлады.

Мақал-мәтелдер сайысы, қазақтың ұлттық әндерін, жыр-шумақтарын  нақышына келтіріп орындау, тарихтан, салт-дәстүрден қойылатын сұрақтарға жауап беру, тағы да басқа барлығы төрт кезеңнен тұратын байқауға бес топ қатысып, бақтарын сынады.

Қазылар алқасының шешімімен, көрермендер көзайымына айналған барлық қатысушыларға алғыс хаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, байқау жеңімпаздары ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 2016 жылдың 22 қыркүйегінде өтетін «Тіл - татулық тірегі» облыстық фестивалінде дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. 

null null null null  

Соңғы жаңалықтар