Өскеменге жамбылдықтар 154 тонна ауылшаруашылығы өнімін жеткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және өңіраралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында 29 қазанда Өскемен қаласының орталық алаңында Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әулиеаталық тауар өндірушілердің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне жалпы құны 95,7 млн теңгенің 154,3 тоннадан астам ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.

Оның ішінде 20 тонна ет (жылқы, сиыр, қой, шошқа еті), 1,4 тонна тауық еті, 5 тонна шұжық өнімдері, 16,2 тонна сүт өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 6 тонна макарон өнімдері, 5 тонна қант, 0,5 тонна тұз, 5 тонна балық, 1,2 тонна бал және 87,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Жәрмеңкеде ұсынылатын тауар бағалары нарық бағасынан 5-20 пайызға төмен болады.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық филармониясының әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар