Ордабасыда ардагерлер күш сынасты - ОҚО

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, "Еңбек күні" мерекесіне орай Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының ардагерлер бас қосып, күш сынасты.

Әр ауыл округінен үміткерлер қатысқан 60 азамат спорттың арқан тарту, кір тасын көтеру, қол күрес, дойбы түрлерінен өзара жарысты. 

Ауыр тасты көтеруден шұбарлық 65 жасар Ә.Нысанбаев үздік деп танылса, қол күрестіруден қажымұқандық И.Оразбаев өзіне қарсылас шақ келтірмеді. Ал дойбы ойнап, шұбарлық ардагер М.Керімбеков жеңімпаз атанды. Арқан тартысқанда ардагерлердің күші анық байқалды. 

Сайыстың қорытындысында жалпыкомандалық есеп бойынша І орын - Шұбар, ІІ орын - Қажымұқан, ІІІ орын Жеңіс ауыл округі ардагерлеріне бұйырды.

Жеңімпаздар арнайы Алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Ордабасы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі аудандық ардагерлер ұйымына алғысын білдіріп, сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар, аптаның әр жұмасында ардагерлер үйінде шахматтан жарыс өтетіні келісілді, lеп хабарлайды Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Соңғы жаңалықтар