Оралда веложол ашылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында, Шаған өзенінің оң жағалауында ұзындығы 2,7 км веложол ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онда ересектер мен балаларға арналған жолдар бар. Сонымен қатар мұнда келушілер ролик, скейт, роллермен серуендей алады.

Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің айтуынша, осы мақсатқа «ҚПО б.в» компаниясы 241 млн. теңге бөліп, бұл жұмысты мердігер компания «Марасант» ЖШС атқарып шықты. Шағанның оң жағалауын абаттандырудың екінші кезеңі келесі жылы аяқталады.

Веложол ашылған бойда жас спортшылар өз өнерлерін көрсетті. Жарысқа 250 велосипедші қатысып, Николай Капухин жеңімпаз атанды. Жеңімпаз-жүлдегерлер медаль, дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, Елбасының спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес БҚО-да велосипед спортына да ерекше көңіл бөлініп келеді.

Кәсіби спортшылар даярлау өз алдына, биылдың өзінде бірнеше велошеру ұйымдастырылды.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар